Коммуналдық ұйымдардың қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды

Коммуналдық ұйымдардың қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды

Жаңа жыл қарсаңында «Сарыарқа» ауданының әкімі Жанасыл Шаукентаев коммуналдық ұйымдардың қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Ол күн сайын қаланың тазалығы мен тәртібін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген мамандарға ризашылығын білдірді.

 

Аудан әкімі өз сөзінде бұл еңбектің көп жағдайда көзге көрінбейтінін, бірақ әрбір тұрғын үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Біз үшін тазалық пен жайлылық қалыпты нәрсе болса, ол сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасы», - деді, аудан әкімі.

 

Алғыс хаттарға жол жұмысшылары, жүргізушілер, электриктер, бригадирлер мен учаске басшылары ие болды. Бұл күн сайынғы тынымсыз еңбекке көрсетілген шынайы құрмет пен алғыс.