
Қала біртіндеп мерекелік атмосфераға бөленуде. Ғимараттардың қасбеттері мен кіреберіс аймақтары жарқыраған шамдармен және жаңа жылдық безендірулермен көріктене түсті.
Кәсіпкерлер өз нысандарын безендіруге ерекше жауапкершілікпен қарап, күнделікті көшелерді шынайы жайлы әрі мерекелік кеңістікке айналдырды.