
Дәстүрлі аудан әкімінің шыршасында Жанасыл Шәукентаев балаларды жаңа жылмен құттықтады. М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында 100-ден астам баланың қатысуымен ертеңгілік өтті. Аудан әкімінің шыршасына аз қамтылған отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар мен оқу озаттары қатысты. Басым бөлігі 1-4 сынып оқушылары.
Мереке қонақтары өнерпаздардың ән-би нөмірлерін тамашалады. Сонымен қатар балалар түрлі интерактивті ойындарға қатысты. Шараның жалғасы ретінде жаңа жылдық қойылым ұйымдастырылды. Сондай-ақ әр шақырылған қонаққа демеушілер тарапынан тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Еске сала кетейік, жаңа жыл қарсаңында ауданда түрлі спорттық, мәдени шаралар жоспарланған. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Бейбітшілік көшесіндегі қалалық алаңда, «Көктал» саябағында, Бөгенбай батыр, 43 мекенжайында мұз айдындары мен сырғанақтар ашылды.