
Сарыарқа ауданында құрылыс алаңдарына жоспарлы мониторинг жүргізілуде. Іс-шараларға аудан аппаратының, прокуратураның, аудандық полицияның және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері қатысады.
Мониторинг барысында құрылыс нысандарындағы еңбек тәртібінің сақталуы, санитарлық талаптармен қауіпсіздік ережелеріне басымдық берілуде. Тексеру жұмыстары жұмыстәртібінде өтіп, құрылыс саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ жұмысшылар мен маңайдағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, мердігер ұйымдардың өкілдеріне еңбек қауіпсіздігі, қолданыстағы нормалармен талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бойынша уәкілетті органдарға жүгіну мүмкіндігі және елордада бекітілген санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау қажеттігі еске салынды.