Қар тазалау жұмыстары нақты алгоритм бойынша жүргізіледі. Мысалы, алдымен орталық көшелер, әлеуметтік нысандарға баратын жолдар, тротуарлар және ауладан шығатын жолдар тазаланады. Бұл жұмыстар бір мезетте қатар атқарылады.
Сонымен қатар, әрбір аулада кешенді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Кешенді тазалау - бұл балалар ойын алаңдарын, автотұрақтарды және аула аумағындағы өзге де аумақтарды қардан тазарту.
Тұрғындарға қолайлылық үшін әр аулада қар тазалау кестелері ілінген. Мердігер ұйымдардың жұмысы тиімді болуы үшін көрсетілген күндері көліктерді ауладан уақытша шығарып қоюларыңызды сұраймыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram