
«Сарыарқа» ауданында қысқы маусым басталғалы бері тұрғындардың қауіпсіз және қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қар шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Бұл істе бізге тәулік бойы жұмыс істейтін коммуналдық қызметтер үлкен көмек көрсетуде. Сонымен қатар, білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ, ПИК және МИБ өкілдері де іргелес аумақтардың тазалығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда.