
«Заң және тәртіп» нарративі аясында Сарыарқа ауданында кәсіпкерлер арасында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Оларға алкоголь өнімін сату қағидалары, соның ішінде белгіленбеген уақытта және кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салу талаптары түсіндірілуде.
Жыл басынан бері осы талаптарды бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша 177 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралар балаларды қорғауға және сауда саласында тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
Профилактикалық жұмыстар прокуратура, мемлекеттік кірістер органдары және аудандық полиция бірлесіп жүргізіп келеді. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ауданымыздағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.