Сарыарқа ауданында ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Сарыарқа ауданында ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

«Заң және тәртіп» нарративі мен «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспарын іске асыру аясында аудан аппаратында аудандық прокуратура өкілдерімен бірге ойын-сауық орындарының басшыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында мекеме басшыларына есірткі құралдарының таралуына жол бермеу жөніндегі жауапкершілігі және қолданыстағы заңнаманы сақтау қажеттігі түсіндірілді.

 

Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Ағымдағы жылдың басынан бері «102» арнасына ойын-сауық орындарынан 361шақыру түскен, олардың басым бөлігі тыныштықты бұзу және келушілер арасындағы жанжалдармен байланысты.

 

Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, құқық бұзушылықтарды азайтуға және тұрғындарға қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.