Үйде қауіпсіз, түнде сақ бол!: Сарыарқада қауіпсіздік рейдтері жалғасуда

Үйде қауіпсіз, түнде сақ бол!: Сарыарқада қауіпсіздік рейдтері жалғасуда

Сарыарқа ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер жалғасуда.

 

Рейдтік іс-шараларға аудандық прокуратура, полиция басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлерінен құралған мобильді топтар қатысуда. Олар көшелерді, жастар көп жиналатын орындарды және ойын-сауықмекемелерін тексеріп отырады.

 

Түнгі рейдтер барысында сағат 23:00-ден кейін көшеде ересектерсіз жүрген, сондай-ақ сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған жасөспірімдерге ерекше назар аударылады.

 

Жыл басынан бері, аудан аумағында 1500-нан астам ата-ана кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ескертусіз жүруіне жол бергеніүшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.