«Сарыарқа» ауданында қандай әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары салынуда?

«Сарыарқа» ауданында қандай әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары салынуда?

Қазіргі уақытта Ақан сері - Земляничная көшелерінің қиылысында Перинаталдықорталық пен Оқушылар сарайының құрылысы басталып, маңызды әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтудың жаңа кезеңі іске асуда.

Сонымен қатар, №41 және №80 мектептерінде қосалқы ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр. Жақын уақыттатағы екі мектепке қосымша ғимарат салу жоспарланған. Бұл қадамдар оқушылардың білім алу жағдайын жақсартып, орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Қ.Мұңайтпасов атындағы тарихи стадионда ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары қарқынмен жалғасуда. Жаңарған нысан 3500-ден астам көрерменге арналған заманауи спорт кешеніне айналып, болашақ спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін ыңғайлы әрі кең мүмкіндіктер ұсынады.

Бұдан бөлек, екі сауда орталығының құрылысы аяқталу сатысында. Барлық жобалар қала әкімдігі мен тиісті басқармалардың тұрақты бақылауында.