
Сарыарқа ауданында ескірген мекенжай тақталарын заманауи аншлагтарға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 385 тақта ауыстырылып, жыл соңына дейін тағы 225 тақтаны жаңарту жоспарлануда.
Жаңа аншлагтар қазіргі заман талаптарына сай дайындалған. Көше атауы қазақ тілінде жазылады, ал қажет болған жағдайда көше сөзі үш тілде жазылады: «көшесі», «улица», «street». Көше атауларындағы тарихи, дәстүрлі атаулар мен тұлғалардың есімдері басқа тілдергеаударылмайды, мемлекеттік тілде жазылады.
Егер сіздің үйіңіздегі мекенжай тақтасы зақымдалған немесе мүлдем жоқ болса, оны ауыстыруға өтініш беру үшін:
55-66-09 нөміріне (жұмыс күндері) қоңырау шалыңыз.
Немесе аудан әкімдігінің әлеуметтік желілеріне жазыңыз.