
Қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның түсуіне байланысты «Сарыарқа» ауданының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Түнгі ауысымға 140-тан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдар мен тротуарларда көктайғақтың алдын алу мақсатында көктайғаққа қарсы реагенттер мен құм-тұз қоспасын себу жұмыстары белсенді атқарылуда. Қысқы маусымға 6,5 мың м³-тан астам реагент қоры дайындалған, бұл ауа райының күрт өзгерісіне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Алдағы күндері ауа райының құбылмалы сипаты сақталады деп болжануда. Тұрғындарды абай болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.