
Елордада қарлы маусым басталғанына байланысты, ауданды санитарлық тазалауға 620 коммуналдық жұмысшы шығып, 208 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Бірінші кезектегі міндеттер - автомобиль жолдары мен әлеуметтік нысандарға кірме жолдарды, қоғамдық көлік аялдамаларының алды, жаяу жүргіншілер коммуникациялары мен тротуарларды механикаландырылған тазарту жүргізіледі.
Сонымен қатар, жолдарды көктайғаққа қарсы реагенттермен өңдеу жұмыстары жүргізілуде - бұл температураның төмендеуі жағдайында өзекті болып табылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.