
Сарыарқа ауданында 504 мекенжай бойынша 2653 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 654 камера әлеуметтік нысандардың аумағына қойылады.
Бейнебақылау жүйесі жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Камералар ауданның орталық бөлігінде де, тұрғын алаптарда да орнатылуда. Ерекше назар адам көп шоғырланатын көшелер мен аула аумақтарына, сондай-ақ тұрғындар өтініші негізінде және анықталған криминогендік аумақтарға аударылған.
Мамандардың айтуынша, жаңа камералар аудан аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға сеп болады.
Еске сала кетейік, «Сарыарқа» ауданында қазіргі таңда 4,5 мыңнан астам камера жұмыс істейді.