
Республика күніне орай аудан әкімі құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адал қызметі, кәсіби біліктілігі және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегі үшін алғыс айтты.
«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауапты еңбегінің арқасында қаламызда тұрақтылық, тыныштық пен тәртіп сақталып отыр. Сіздердің адалдығыңыз, сабырлылығыңыз және көмекке әрдайым дайын тұратын қасиеттеріңіз зор құрметке лайық», – деді, әкім өз сөзінде.