Аудан әкімі аппарат қызметкерлеріне алғысын білдірді

Аудан әкімі аппарат қызметкерлеріне алғысын білдірді

Республика күні қарсаңында «Сарыарқа» ауданының әкімі Жанасыл Шаукентаев аппарат қызметкерлерін мерекемен құттықтап, аудан мен қала игілігі үшін атқарған еңбектері үшін алғысын білдірді.

 

Салтанатты шара барысында аудан әкімі алғыс хаттар табыстап, олардың ауданның дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

 

«Біздің ортақ мақсатымыз ел игілігі үшін адал қызмет ету, халқымыздың сенімін ақтау. Бүгін мен сіздердің күнделікті еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Әрбіріңіздің жауапкершілігіңіз бен кәсіби біліктілігіңіз біздің ортақ жетістіктеріміздің кепілі», – деп атап өтті аудан әкімі.