
Сарыарқа ауданында ПИК/МИБ қызмет көрсетуші ұйымдарымен кеңес өтті. Оған Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мен ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында экологиялық қауіпсіздік, санитарлық жағдай және тұрғын үй қорын ұстауға байланысты өзекті мәселелер қаралды. Қызмет көрсетуші ұйымдарға лицензияланған компаниялармен шарт жасасу тәртібі, сондай-ақ дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша түсініктемелер берілді.