Сарыарқа ауданында 15 жаңа аялдама павильоны орнатылды

Сарыарқа ауданында 15 жаңа аялдама павильоны орнатылды

Сарыарқа ауданы аумағында барлығы 361 аялдама павильоны бар, оның ішінде 83-і жылы, ал 278-і ашық типтегі. Ағымдағы жылы 9 жылы және 6 ашық аялдама орнатылды.

Жаңа аялдамалар тұрғындардың сұраныстары ескеріле отырып, жолаушылар көп шоғырланатын жерлерде, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендерінің маңында орнатылады. Олар жылыту жүйесімен, жарықтандырумен, бейнебақылау камераларымен және кондиционерменжабдықталған.

Аялдамаларды күн сайын санитарлық тазалау және жуу жұмыстары жүргізіледі. Егер аялдамаларда ақаулар немесе сынған элементтер анықталса, олар күрделілігіне қарай 1–7 күн ішінде жөнделеді.

Аялдамалар аудан әкімдігінің балансында. Егер тұрғындарда ұсыныс немесе шағым болса, «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдауға болады.