Сарыарқа ауданындағы ғимараттар сәулелі жарыққа бөленді

Сарыарқа ауданындағы ғимараттар сәулелі жарыққа бөленді

Сарыарқа ауданында ғимараттардың сәндік жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ш. Қосшығұлұлы көшесіндегі 9 тұрғын үйдің қасбеттері заманауи жарықпен көмкеріліп, көшенің көркін аша түсті. Жалпы жоба аясында осы көше бойындағы бірқатар нысандарды жарықтандыру көзделген. Оның бір бөлігі биыл аяқталса, қалған жұмыстар келесі жылы жалғасады.

 

2025 жылы ауданда 28 ғимарат сәндік жарықтандырумен қамтылды. Олардың қатарында С. Сейфуллин, Ш. Қосшығұлұлы көшелері, Сарыарқа даңғылы, сондай-ақ Ә. Мәмбетов пен Бейбітшілік көшелеріндегі ғимараттар бар.

 

Қала аудандарында қасбеттерді жаңарту барысында жылы түсті жарық элементтерін пайдалану ерекше мәнге ие. Бұл шешім ғимараттардың сәулеттік айшықтылығын сақтап қана қоймай, қаланың кешкі бейнесіне жайлылық пен жылылық сыйлайды, тұрғындар үшін көрнекі әрі қауіпсіз ортаны қалыптастырады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)