
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы жоғары оқу орындарының проректорларымен және колледж директорларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында буллингтің, нашақорлықтың алдын алу және білім алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ жастар арасында құқыққа қайшы мінез-құлық пен зиянды әдеттерге төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Аудан прокуратурасы оқу орындарының басшыларын прокуратура органдарымен, құқық қорғау құрылымдарымен және ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасуда.