Күздің келуімен елордалық «Сарыарқа» ауданында ағымдағы жылдың абаттандыру жұмыстары өз мәресіне жетті. 2025 жылы аудан аумағында кең ауқымды жаңарту жүргізіліп, 52 аула аумағы абаттандырылды. Оның ішінде 36 аула «Халық қатысатын бюджет – 2025» жобасы аясында жүргізілді. Абаттандыру нәтижелері фото-карусельде ұсынылған.
Жалпы ауданы 20 мың м² астам аула аумақтары ретке келтірілді. Күрделі жөндеу барысында әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, спорттық аймақтар мен демалыс бұрыштары салынды, қосымша жарық шамдары орнатылды. Барлық жобалар тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді.
Сонымен қатар, 263 ауланың аумағында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, әткеншектер, сырғанақтар және өзге де шағын архитектуралық нысандарды жөндеу жұмыстары іске асты.