«Сарыарқа» ауданында 2 500-ден астам ағаш отырғызылды

«Сарыарқа» ауданында 2 500-ден астам ағаш отырғызылды

«Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында елордада көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Тек соңғы сенбілік барысында «Сарыарқа» ауданының аумағында 2 500-ден астам ағаш отырғызылды.

Акцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, ПИК/ББ (КСК/ОСИ) мүшелері мен ауданның белсенді тұрғындары қатысты. Сонымен қатар тұрғындарға өз аулалары мен үй маңын көгалдандыру үшін көшеттер таратылды.

Мысалы, «Көктал» саябағында 300-ден астам ағаш – алма, қайың, итмұрын және өзге де түрлер отырғызылды. Ағаш отырғызу жұмыстарына аудан әкімінің аппараты мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді атсалысты.

Жыл басынан бері «Сарыарқа» ауданының аумағында 6 500-ден астам ағаш отырғызылды. Ауданның экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындар үшін жайлы әрі жасыл орта қалыптастыру мақсатында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.