«Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

«Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

«Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады


«Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Әр тұрғын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, өз өмірі мен жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс», – деді «Сарыарқа» ауданының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрзат Әлімұлы Юсупов.

 

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Сарыарқа» ауданы бойынша басқармасы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

 

Пешті қолданғанда:
• жылыту маусымы басталар алдында түтін мұржасы мен пештің бүтіндігін, тазалығын тексеріңіз;
• пештің маңына жиһаз, перде және басқа да жанғыш заттарды қоймаңыз;
• пешті шамадан тыс қыздырмаңыз және оны қараусыз қалдырмаңыз;
• пешті жағу үшін бензин, керосин және өзге де тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз;
• пешті түнге қалдырмаңыз;
• күл мен шоқты толық суығаннан кейін ғана металл ыдыстарға салыңыз.

 

Электр құралдарын пайдаланғанда:
• бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қоспаңыз;
• электр сымдары мен розеткалардың жағдайын үнемі тексеріп тұрыңыз;
• жылытқыштарды перде, жиһаз және басқа да жанғыш заттардың жанына қоймаңыз;
• үйден шығарда және ұйықтар алдында барлық электр құралдарын өшіріңіз.

 

Аулада және іргелес аумақтарда тазалық сақтау да өрттің алдын алудың маңызды бөлігі. Құрғақ шөп, қоқыс пен ағаш қалдықтарын уақытылы тазалау қажет.

 

«Сарыарқа» ауданының ТЖБ қызметкерлері күн сайын тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Рейд кезінде тұрғындарға пеш пен электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылады.

 

Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні осы санаттағы 294 отбасыға 60-тан астам көмірқышқыл газы датчигі орнатылды.