Заңсыз қоқыс төгінділерімен күрес: Құқықбұзушылар 12 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

Заңсыз қоқыс төгінділерімен күрес: Құқықбұзушылар 12 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

Сарыарқа ауданында рұқсатсыз қоқыс төгудің және абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың басынан бері аудан аумағындағы стихиялық қоқыс үйінділерінен 24 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Сонымен қатар, қоқысты арнайы белгіленбеген жерлерге төккен 64 автокөлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын айыппұл салынды.

 

Айта кету керек, ҚР ӘҚБтК 344-бабында қалдықтарды басқару талаптарын бұзғаны үшін, соның ішінде қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастағаны үшін жауапкершілік көзделген. 2025 жылғы 10 қаңтардан бастап жеке және заңды тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 100-ден 1000 АЕК дейін ұлғайды. Қайталанған құқық бұзушылықтар бойынша сот шешімімен заңсыз қоқыс төгуге пайдаланылған көлік құралы тәркіленуі мүмкін.

 

Заңсыз қоқыс төгудің алдын алу мақсатында аудан аумағындағы заңсыз қоқыс шығарылған орындарға бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл жүйе экологиялық тәртіпті бұзушыларды дер кезінде анықтап, жауапқа тартуға мүмкіндік береді.