Ұстаздар күні қарсаңында аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттарын табыстады.
«Біз бүгін үлкен биіктерге жеткен болсақ, соның бәрі кезінде бізге білім мен тәрбие берген ұстаздарымыздың арқасы. Осы мерейлі мерекеде сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, отбасыларыңызға шаттық пен береке тілеймін», – деп әкім өзінің жылы лебізін білдірді.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Ұстаздар күні жыл сайын 5 қазанда аталып өтеді.