Аудан әкімі тәрбиешілерді кәсіби мерекемен құттықтады

Аудан әкімі тәрбиешілерді кәсіби мерекемен құттықтады

27 қыркүйек Қазақстанда Тәрбиешілер мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің күні.

 

Мереке қарсаңында аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев педагогтармен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде ол тәрбиешілердің еңбегі елдің болашағына қосылған қомақты үлес екенін атап өтті. Себебі дәл осы жандар балаларға алғашқы өмірлік құндылықтарды сіңіріп, олардың қабілеттерін ашуға көмектеседі әрі мейірімге тәрбиелейді.

 

«Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – тек балаларға қамқорлық қана емес, олардың жарқын болашағына берік негіз қалау. Сіздің шыдамдылығыңыздың, сүйіспеншілігіңіз бен кәсіби біліктілігіңіздің арқасында балаларымыз қамқорлық пен жылылыққа бөленіп өсуде. Өз ісіне адал еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық және балаларды тәрбиелеудегі игі істеріңізге жаңа табыстар тілеймін», – деді Жанасыл Шаукентаев.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)