Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Сарыарқа ауданы аппараты полиция басқармасымен, аудан прокуратурасымен және «Жастар рухы» еріктілерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында ойын-сауық орындарында кальян мен өзге де темекі өнімдерін қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салу талаптарының орындалуына бақылау жүргізілді.
Жыл басынан бері Сарыарқа ауданында аталған норманы бұзған 500-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылған темекі бұйымдарын, кальян қоспаларын, электронды тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды қолдануға тыйым салынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram