Аудан аппаратында студенттер арасындағы есірткімен күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Аудан аппаратында студенттер арасындағы есірткімен күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ғимаратында аудан аумағында орналасқан колледждердің басшылары мен педагогикалық құрамы қатысқан кеңес өтті.

 

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты «Заң және Тәртіп» нарративі аясында студенттер арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

 

Кеңес барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды: кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу; есірткіге тәуелділіктің және құқықбұзушылықтың алдын алу; діни экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл.

 

Аталған бағыттар жүйелі жұмысты және білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы тығыз өзара іс-қимылды қажет етеді.

 

Колледж басшылары студенттердің құқықтық мәдениетін, салауатты өмір салтын және берік рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.