1 қыркүйектен елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды. Науқан 30 желтоқсанға дейін жалғасып, осы уақыт ішінде 22 мың жас әскер қатарына шақырылады.
18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің сапына шақырылады.
Айта кетейік, биылдан бастап әскерге шақырудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізілді. Енді шақыру туралы SMS-хабарлама заңды ескерту болып саналады. Сонымен қатар ақпарат «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетте де қолжетімді. Бұған қоса қағаз нұсқадағы шақыру азаматтың тұрақты тіркеу мекенжайына, уақытша тұратын жеріне немесе жұмыс орнына жеткізіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram