Астананың Сарыарқа ауданында 6 мың м² астам аумақ абаттандырылды

Астананың Сарыарқа ауданында 6 мың м² астам аумақ абаттандырылды

ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай Сарыарқа ауданында жаңартылған аулалар ашылды. Абаттандырылған аумақтың жалпы көлемі 6 мың шаршы метрден асты. Құрылыс маусымының басынан бері ауданда 30 аула пайдалануға берілді.

 

Жаңартылған аулаларда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары толықтай қайта жөнделіп, спорттық жаттығу құралдары орнатылды, қосымша автотұрақ орындары, футбол алаңдары және тұрғындардың тынығуына арналған тыныш аймақтар мен күркелер салынды. Балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңдарында тартаннан жасалған резеңке жабын қолданылды.

 

Ресми ашылудан кейін балалар сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен кездесті және сыйлықтар алды. Тұрғындар аппарат қызметкерлеріне және мердігер ұйымға алғыс хаттар табыс етті.

 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Жамбыл көшесі, 8 және Қарасай батыр көшесі, 16 мекенжайларында заманауи жайлылық пен қауіпсіздік стандарттарына сай екі жаңа қоғамдық кеңістік салынуда.