31 тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Saryarqa Run» атты жаппай жүгіру өтті. Оған шамамен 1500 адам қатысты. Жүгіру барлық қала тұрғындарына ашық болып, қатысу үшін тіркеу жарнасы талап етілмеді.
Қатысушылар Есіл өзенінің жағалауы бойымен Ырыскелді Қажы мешітінен Кенесары хан ескерткішіне дейінгі 7, 6 және 4 шақырымдық қашықтықты бағындырды.
Әрбір қатысушыға естелік медаль табысталды, ал шара соңында велосипед сыйға берілген лотерея ұйымдастырылды.