
«Сарыарқа» ауданында Конституцияның 30 жылдығын тойлау қарсаңында елордалық 28 алтын құрсақты ана алтын және күміс алқа иесі атанды. Аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев көп балалы аналарды арнайы шақырып, мемлекеттік төсбелгіні табыс етті.
«Баланың күлкісінен артық бақыт жоқ, ал сіздер сол бақытты елге сыйлап отырсыздар. Сондықтан бүгінгі «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» марапаттары сіздердің еңбектеріңізге деген құрметтің белгісі. Еліміздің ертеңін тәрбиелеп отырған сіздерге шын жүректен алғыс айтамын.», - деп аудан басшысы өз құттықтауын жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, «Күміс алқа» алқасымен алты баланы, «Алтын алқа» орденімен жеті және одан да көп баланы дүниеге әкіліп, тәрбиелеген аналар марапатталды.