Бос жердің орнына - жаңа қоғамдық кеңістік

Бос жердің орнына - жаңа қоғамдық кеңістік

Сарыарқа ауданында, Жамбыл көшесі, 8 мекенжайында заманауи жаңа қоғамдық кеңістіктің абаттандырылуы жүргізілуде. Бұрын бос жатқан бұл жер телімі енді аудан тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналмақ. Абаттандыру жұмыстарының жалпы аумағы - 0,5 Га м².

 

Жаңа кеңістікте жаяу серуендеуге арналған аймақ пен спортпен айналысуға қолайлы жүгіру жолы қарастырылады. Ол К.Күмісбеков көш, 7 мекенжайындағы, 800 ағаш егілген қоғамдық кеңістіктің жалғасы болмақ. Күзде қосымша көгалдандыру жұмыстары жоспарланып отыр, көлеңке жасау және микроклиматты жақсарту үшін үйеңкі мен тал, сондай-ақ сәндік-гүлдейтін жасыл-желектер отырғызылатын болады.

 

Сондай-ақ, заманауи көше жиһаздары орнатылып, аумақ қосымша жарықтандырылмақ.

 

Барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.