Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Сарыарқалық оқушылар үшін «Қазақстан Темір Жолы» музейіне арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында балалар темір жол саласының қалыптасу тарихымен танысып, сала мамандарының ел дамуына қосқан үлесі жөнінде мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, сирек кездесетін экспонаттарды, пойыз макеттері мен әр кезеңдегі теміржолшылардың қызметтік киім үлгілерін тамашалады.
Балалардың ерекше қызығушылығын темір жол саласының маңызды мамандықтары – машинист, кезекші, жолшылар және басқа да мамандар туралы әңгімелер тудырды. Бұл мамандықтардың темір жол жұмысы үшін айрықша маңызға ие екені атап өтілді.