Аудан әкімі Агроқалашық тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Аудан әкімі Агроқалашық тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Агроқалашық - халық ең тығыз шоғырланған тұрғын алаптардың бірі, мұнда 72 мыңнан астам адам тұрады.

Кездесу 3,5 сағатқа созылып, онда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндалды. Соңғы жылдары Агрогородокта маңызды жобалар жүзеге асырылып, тұрғындар үшін бірқатар оң өзгерістер орын алды.

Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылым, абаттандыру, көше жарығы, қауіпсіздік және басқа да бағыттарға қатысты бірқатар мәселелер көтерді. Бұл сұрақтардың барлығы бақылауға алынып, салалық басқармалармен бірлесіп кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Соңғы төрт жылда Агроқалашықта 7 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Биылғы жылдың өзінде ауданның тұрғын алаптарында 2 700-ден астам жасыл желек отырғызылды. Қазіргі таңда, Шынтас көшесінде бұрынғы бос алаңда жаңа қоғамдық кеңістік құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 3 ауланың аумағында кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Көше инфрақұрылымын дамыту басты назарда. Соңғы үш жылда 24 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл тағы 5 көшеге асфальт төселді. Қазіргі уақытта Герцен көшесінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Конституция, Қарасай батыр және Байсейітова көшелерінде қосымша жарық шамдары орнатылып, көше жарығының сапасы жақсартылды.

Су деңгейінің көтерілу қаупінің алдын алу мақсатында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соңғы үш жылда тұрғын алаптағы 11 мекенжайда арық-науа жүйесі салынып, жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрады.