«Түнгі қала балалар уақыты емес»: Астанада профилактикалық рейдтер жалғасуда

«Түнгі қала балалар уақыты емес»: Астанада профилактикалық рейдтер жалғасуда

27–29 шілде астанада «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бұл жұмыс «Заң және Тәртіп» нарративі аясында жүзеге асырылды. Мақсаты кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Рейд нәтижесінде «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасына шамамен 200 жасөспірім жеткізіліп, 150-ден астам ата-ана мен заңды өкілге ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, 9 кәмелетке толмаған бала Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Полиция түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар мен ересектер жауапты екенін ескертеді. Қарапайым ережелерді сақтамау тек әкімшілік жазаға ғана емес, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.