«Сарыарқа» ауданында бекітілген талаптарға сай келмейтін жарнамалық маңдайшаларды алып тастау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан «Астана-Жарнама» КММ бірлесе отырып, 750-ден астам заңсыз жарнама элементтері жойылды.
Айта кету керек, талапқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды демонтаждау, басқа жарнама орнатуға тыйым салмайды. Кәсіпкерлер дизайн-код талаптарына сай жаңа маңдайшалар жасап, өз жарнамаларын орналастыра алады.