Сарыарқа ауданында жылы аялдама павильондарын орнату жұмыстары жалғасуда

Сарыарқа ауданында жылы аялдама павильондарын орнату жұмыстары жалғасуда

Елордадағы Сарыарқа ауданында жабық үлгідегі жылы аялдамалар орнату жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда, аудан аумағында осындай 75 аялдама бар. Оның 63-і аудан әкімдігінің балансына тіркелген, ал 12-сі инвесторлар есебінен орнатылған.

 

2025 жылы қосымша 7 жылы аялдама павильонын орнату жоспарланған. Орнатылатын орындар әлеуметтік маңызы бар нысандарға, көпқабатты тұрғын үйлерге және жаяу жүргіншілер көп жүретін жерлерге жақын орналасуына байланысты анықталады.

 

Жаңа аялдамалар қала тұрғындарының жайлылығы үшін қажетті барлық заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, салқындатқыш және жылыту жүйелерімен, бейнебақылау камераларымен, жарықтандырумен, сондай-ақ ұялы құрылғыларды қуаттауға арналған ток көзімен жабдықталады.