Елордадағы Сарыарқа ауданында, Алтынемел және Гёте көшелерінің қиылысында, бұрын сүрілген тұрғын үйдің орнында 2000 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылды.
Аталған аумақта тартан жамылғысы төселген, заманауи балалар алаңы орнатылып, балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілді. Сонымен қатар отбасылық және тыныш демалысқа арналған көлеңкелі орындар мен орындықтар жайластырылдц.
Көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударылып, 1 500-ден астам жасыл желек, оның ішінде 50-ден астам ағаш (шырша, үйеңкі, қарақат ағашы және т.б.) отырғызылды. Сондай-ақ көпжылдық гүлдер егілді.
Кешкі уақыттағы жарық пен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін классикалық үлгідегі шойын көше шамдары орнатылды.