«Сарыарқа» ауданында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Қала әкімінің өкіміне сәйкес, «Сарыарқа» ауданы әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрылды.
Комиссияның негізгі мақсаты — балалардың құқықтарын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімдерге қолдау көрсету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүйелі түрде үйлестіру.
Алғашқы отырыста 3 іс қаралды: 1 іс — ата-аналық құқықты шектеу туралы, 2 іс — ата-аналық құқықтан айыру мәселесіне қатысты.
Бұл істердің әрқайсысы — бала тағдырына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, құқық қорғау органдары өзара тығыз жұмыс жүргізеді.