«Заң және тәртіп» бастамасы аясында Сарыарқа ауданында жаңа №90 полиция пункті ашылды. Ғимарат Бейбарыс Сұлтан көшесі, 12 мекенжайында орналасқан.
Жаңа учаскелік пункт айналасындағы тұрғын үйлер мен тұрғын алаптарды қоса алғанда, 31 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Бұл пункттің ашылуы құқық қорғау қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге бағытталған.
Полиция пункті учаскелік инспекторлардың тиімді жұмыс істеуіне, тұрғындарды қабылдауға және кеңес беруге қажетті барлық жағдайлармен жабдықталған.