Сарыарқа ауданында тарихи көшелерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Сарыарқа ауданында тарихи көшелерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Сарыарқа ауданында тарихи маңызы бар қоғамдық кеңістіктер жаңартылып, жаңа келбетке ие болуда. Солардың бірі — Е. Рахмадиев атындағы филармония алдындағы алаң.

Алаң аумағында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар толық жаңартылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тактильді плиталар төселді, кедергісіз орта элементтері қарастырылған.

Сондай-ақ, заманауи көше жиһаздары орнатылып, классикалық стильдегі шойын шамдар алаңның келбетін айшықтай түсті. Барлық жасыл желек сақталып, қосымша ірі жапырақты жөке ағаштары мен көпжылдық бұталар отырғызылды. Жасыл аумақтарға күтім жасау үшін жергілікті суару жүйесі жүргізілді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)