Оның ішінде 6 аула Астана күніне орай ел игілігіне тапсырылды. Солардың бірі – М. Әуезов көшесі, 26 мекенжайындағы аула, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Күрделі жөндеуден кейін аула толықтай жаңарып, тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймағына айналды. Аулада әр жастағы балаларға арналған заманауи ойын алаңдары, workout-аймақ, спорттық алаңдар мен жайлы беседкалар орнатылды.