Елорда күніне орай Сарыарқа ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен 6 аула пайдалануға берілді.
Аула аумақтарын абаттандыру жобаларын тұрғындардың өздері ұсынған, ал оны жүзеге асыруға аудан әкімдігі қолдау көрсетті. Аулаларда ойын алаңының жабыны жаңартылып, заманауи ойын алаңдары, спорттық құрылғылар, демалыс аймақ ары мен кіші архитектуралық нысандар орнатылды.
Ашылу салтанаты ерекше мерекелік көңіл-күйде өтті. Балалар сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен кездесіп, түрлі ойындар мен сыйлықтарға қуанды.
Айта кетейік, құрылыс маусымы басталғалы бері Сарыарқа ауданында жоспарланған 30 ауланың 22-сі толықтай жаңартылды.