Елорда күні қарсаңында Сарыарқа ауданында, Н.Тілендиев даңғылы, 44 мекенжайында жаңа «Koktal Clinic» алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы өз жұмысын бастады.
Орталық Көктал-2 тұрғын алабының халқына қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл аумақта 17 мыңнан астам тұрғын бар. Медициналық мекеме бір ауысымда 200-ге дейін келушіні қабылдай алады.
Жаңа орталықта халыққа алғашқы медициналық көмектің кең ауқымды қызметтері ұсынылады, атап айтқанда: учаскелік дәрігерлердің қабылдауы, бейінді мамандардың кеңесі, күндізгі стационар, екпе егу бөлмесі, профилактика және скрининг кабинеті, ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ), стоматологиялық қызметтер.
Айта кету керек, бүгінде Сарыарқа ауданы аумағында 21 медициналық мекеме халыққа түрлі бағыттар бойынша қызмет көрсетіп келеді.