Елордада «Cабантуй» мерекесі тойланды

Елордада «Cабантуй» мерекесі тойланды

Астанада татар-башқұрт халықтық Сабантуй мерекесі өтті.

 

Сабантуй — жер өңдеу мерекесі ғана емес, ол халықтың туған тілін, төл мәдениетін, қонақжайлылығы мен кішіпейілділігін сақтауға деген талпыныс, түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын ерекше мейрам.

 

Мерекеде қонақтар түрлі сайыстар мен халықтық ойындарға қатысып, татар-башқұрт халқының салт-дәстүрлермен, сәндік-қолданбалы өнермен және қолөнермен танысты, ұлттық тағамдардан дәм татты.