Ең алдымен, су шашатын арнайы машиналар автомобиль жолдарын шаң мен кірден тазартады. Артынан бордюр жиегіндегі қоқысты жинауға арналған шаңсорғыш техника жүріп өтеді. Техника өте алмайтын жерлерде жұмысшылар қолмен тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды шығару, аулалар мен скверлерді және өзге де қоғамдық аумақтарды тазалау тұрақты түрде жалғасуда. Күн сайын аялдама павильондары, тротуарлар мен қоршаулар жуылып, тазартылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram