
«Сарыарқа» ауданында елордалық 13 алтын құрсақты ана алтын және күміс алқа иесі атанды. Аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев Халықаралық балалар күні қарсаңында көп балалы аналарды арнайы шақырып, мемлекеттік төсбелгіні табыс етті.
«Ел болашағына сіңіріп жатқан еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын!», - деп аудан басшысы өз құттықтауын жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, «Күміс алқа» алқасымен алты баланы, «Алтын алқа» орденімен жеті және одан да көп баланы дүниеге әкіліп, тәрбиелеген аналар марапатталды.