«Сарыарқа» ауданында вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Рейдтер барысында қоғамдық мүлікке зиян келтіру жағдайлары жиі тіркелетін орындар тексерілді.
«Оқиға орнында қала тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға заңға қарсы әрекеттердің салдары мен инфрақұрылымға зиян келтіргені үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ескертілуде», — деді Дамир Хисматуллин, «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты бөлімінің бас маманы.
Рейд аясында назар аударылған орындардың бірі «Шапағат» базары маңындағы аумақ. Бұл жерде тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтардың жағдайы тексерілді, сондай-ақ, олар тиісті жерге жөнелтілді.
Профилактикалық топ құрамында еріктілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, блогерлер, спортшылар, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен аудан аппаратының қызметкерлері бар.