Сарыарқа ауданында адамдар көп шоғырланатын орындарда ұрлықтың алдын алуға бағытталған «Ұрлыққа жол жоқ» жобасы жалғасуда. Осы аптада аудан аумағындағы базарлар мен сауда нүктелерінде кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық прокуратура өкілдері, аудан әкімдігі қызметкерлері және еріктілер бизнес нысандарында қауіптердің алдын алу, бейнебақылау жүйелерін тиімді пайдалану, ішкі бақылауды күшейту және оқыс оқиғаларға жедел әрекет ету жолдарын түсіндірді. Ерекше көңіл сатып алушылар ағымы көп сауда орындарына бөлінді, өйткені мұндай жерлерде құқықбұзушылық жиі орын алады.
Жобаның негізгі мақсаты - кәсіп иелеріне қиын жағдайда дұрыс әрекет етуге көмектесу, ұқыптылықты арттыру және дүние-мүлікті ғана емес, тұтынушылардың сенімін де сақтау.
Посмотреть эту публикацию в Instagram